Парламенттегі үш партияға жыл сайын бюджеттен 8 млрд теңге бөлінеді

Министрдің сөзінше, партияларға қаржы заңмен бекітілген есеп бойынша беріледі


17/11/2022
13:29 25294 0

Парламент мәжілісіндегі «Аманат», «Ақ жол» және «Қазақстан халық партиясына» жыл сайын бюджеттен миллиард теңге бөлінеді. Бұл жөнінде қаржы министрі, премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. 

 

Министрдің сөзінше, партияларға қаржы заңмен бекітілген есеп бойынша бөлінеді. 

 

– Заңмен қабылданған белгілі бір есептеу жүйесі бар. Соған қарай қаражат бөлінеді. Жалпы алғанда үш партияғы жылына 8 миллиард теңге бөлінеді, – деді Жамаубаев. 

 

2022-2024 жылдары партияларды қаржыландыруға бюджеттен 8,4 миллиард теңге бөлу жоспарланған. 

 

Қазақстанда тіргелген бес партия («Ауыл», «ЖСДП», «Қазақстан халық партиясы», «Ақ жол», «Аманат») бар. Соңғы үшеуінің өкілдері парламентте отыр.

 

2019 жылдан бері билікті сынап келе жатқан бірнеше саяси ұйым мен бірлестік партия болып тіркеуден өте алмай келеді. Оппозиция өкілдері билік өздеріне ыңғайлы партияларды ғана тіркейтінін айтады. 

Поделиться

Нет комментариев.

17/11/2022 13:29
25294 0

Уведомление